Қазақ тіліндегі топоним-логоэпистемалар
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала қазіргі сөйлеу кеңістігінің бірліктерін, топоним-логоэпистемаларды тіл мен мәдениеттің
тоғысында зерттеуге арналған. Тіл-тілдегі топоним-логоэпистемалар зерттелуіне назар аударсақ,
олардың халық, ұлт дүниетанымының негізгі көрсеткіштері екенін байқаймыз. Сондықтан да
географиялық атаулар кейде географиялық нысанмен тікелей байланысты болмайды. Басқаша
айтқанда, кез келген сөз сияқты географиялық атаудың да мағынасы өзі білдіретін нысанға қатысты
емес, ол біздің санамыздағы образға байланысты түсіндіріледі. Сондықтан географиялық атау мен ол
білдіретін нысан арасындағы қатынас күрделі, екіжақты болады. Бұл географиялық атау мен
географиялық нысан арасында адам тұр дегенді білдіреді. Сол себепті топонимдерді адамның саналы
ойлау позициясы тұрғысынан келетін, прагматикалық негізі бар тілдік және тілдік емес сананың
сөйлеу мен ойлау қатынасын қарастыратын когнитивті-прагматикалық аспектіде зерттеудің
қажеттілігі пайда болады. Тілдің когнитивті-прагматикалық аспектісіне сүйену синхронды зерттеуге
жол ашады, яғни топонимдерді жағдаяттық контексте қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл арқылы
нақты бір тілдік ұжымның географиялық атауды қазір қалай қабылдайтынынан және тұлға санасында
олардың қалай қызмет етіп, орнығатынынан, өңдетінінен ақпарат аламыз. Әрбір атау – тарихтың табы
сіңген нысаналы белгісі. Сондықтан мұндай ұлттық әрі рухани байлығымыз саналатын топонимдерді
зерттеу –уақыт талабы, заман сұранысы.
Description
Citation
Тұяқбаев Ғ.Ә. Қазақ тіліндегі топоним-логоэпистемалар/Ғ.Ә. Тұяқбаев, А.М. Абасилов, К.С. Сарышова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 76-82 б.