Қазақ ұлттық пернетақтасында қазақ әріптерін орналастыру принциптері

Abstract

Мақалада латын графикасын қолданатын еуропа және түркі тілдеріндегі пернетақталардағы әріптердің орналастырылуы салыстырмалы түрде қарастырылған. Қазақ тілінде жаңа латын әліпбиіндегі ұлттық пернетақта нұсқаларына аналитикалық талдау жасалған. Әлем тілдеріндегі латыннегізді пернетақталарда әріптерді орналастырудың критерийлері анықталған. Сонымен қатар латыннегізді қазақ ұлттық пернетақтасын жасауда негізге алынатын принциптер туралы ұсыныстар жасалған. Авторлар мақалада жаңа ұлттық жазуға негізделген қазақ пернетақтасына әріптерді тиімді орналастырудың ғылыми әрі тәжірибелік негіздерін айқындау мәселелерін көтерген. Яғни қазақ прнетақтасында мәтіндерді тез әрі сапалы теру үшін әріптер жиілігін анықтау және осы жиілік ұстаным бойынша пернетақтада қазақ әріптерін тиімді орналастыру аса өзекті. Осындай ғылыми- теориялық зерттеулерден кейін жаңа латын әліпбиін енгізу қарсаңында ұсынылған ұлттық пернетақта жобаларына талдау жасалып, олардың әрбірі бойынша эксперимент жүргізіледі.

Description

Citation

Жаңабекова А. Қазақ ұлттық пернетақтасында қазақ әріптерін орналастыру принциптері/А. Жанабекова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 69-75 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By