Жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптер

Abstract

Мақалада жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптер мәселесі талданған. Аталмыш қауіптерді анықтау бойынша жүргізілген эмпирикалық зерттеу барысы толық сипатталған. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар тарапынан болжалды қауіп түрлері, олардың түсіндірмесі және қауіптерді еңсеру жолдары ұсынылған. Зерттеу гипотезасын растаған негізгі қауіптермен (психологиялық, ақпараттық, техникалық және тілдік) қатар анықталған екі қауіптің (интеллектуалдық, тілдік трансмиссияның бұзылуы) сипаттамасы және оларды басқару б ойынша шешімдер ұсынылған. Авторлар мақала тақырыбы төңірегіндегі жазылған еңбектерге шолу жасаған. Сонымен қатар, талқылау бөлімінде зерттеу қорытындысы басқа ғалымдардың тұжырымдарымен салыстырылған. Мақала «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпби ге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеуінің бір міндеті аясында орындалды. Мақаланың мақсаты — аталмыш зерттеу барысында анықталған жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптерді ғылыми көпшілік назарына ұсыну.

Description

Citation

Баймырза А.А. Жаңа әліпби мен емле ережелерін енгізудегі қауіптер/А.А. Баймырза [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №1. 28-35 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By