COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтықтан оқыту: қазақстандық контекстегі академиялық талдау

Abstract

COVID-19 пандемиясының алғашқы толқыны кезінде Қазақстан қатаң жалпы әлемдік процедураларды ұстанды. Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға көшіру туралы үкіметтің маңызды шешімі қабылданды. Дәстүрлі оқытудан қашықтан оқыту форматына күрт көшу педагогикалық практиканың алдына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа форматының параметрлерін өзгерту және құру туралы мәселе қойды. Осыған байланысты пандемияның бірінші толқыны кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қарау маңызды да мәнді болып табылады. Демек, қазіргі уақытта дағдарыс жағдайында (пандемия, табиғи апат және т.б.) әртүрлі бағдарламалық іс- шаралардың нақты тиімділігін түсіну үшін ғылыми зерттеулерге шұғыл қажеттілік туындайды. Алайда, Қазақстанда пандемия кезінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері туралы ғылыми негізделген зерттеулердің әртүрлі елдер ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, шектеулілігі байқалады. Зерттеудің жаңалығы: пандемия басталған кезеңде қазақстандық контексте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру процесі қаралған, дағдарыстық жағдайда оқытудың жаңа тәсіліне лайықты баға беру үшін оқыту процесінде анықталған проблемалар тұжырымдалған. Практикалық маңыздылығы: бұл зерттеу қазақстандық контексте қашықтықтан оқытудың дағдарыстық жағдайларда білім беру қызметтерін қолдаудағы рөлін көрсете отырып, қолданыстағы әдебиетті толықтырады.

Description

Citation

Абилхаирова Ж.А. COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтықтан оқыту: қазақстандық контекстегі академиялық талдау/Ж.А. Абилхаирова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2021. №4. 101-108 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By