Ар-намыс пен қадір-қасиетке, іскерлік беделге қарсы құқық бұзушылықтардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Зерттеудің мақсаты – адам құқықтарының ең маңызды жеке мүліктік емес құқықтарының ішіндегі ар- намыс пен қадір-қасиетке қарсы құқық бұзушылықтардың орын алу себеп-салдарларын анықтау, олардың теориялық ғылыми-әдіснамалық мәселелерін ашу, алдын алу жолдары мен тәсілдерін көрсету, мұндай құқық бұзушылық орын алған жағдайда тиімді және дұрыс реттелу жолдарын анықтау. Жала жабу әкімшілік құқық саласында жаңа құқықтық норма болғандықтан адам мен азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы және осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың мәні және табиғаты, құқық қорғау жүйесіндегі реттелу тетіктері; олардың алдын алу жолдары; ар-намыс пен қадір-қасиетке қатысты нормативтік-құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға үйлестіруді ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет. Автор танымның жалпы ғылыми және арнайы әдістерін қолданған (нормативтік, салыстырмалы-құқықтық, теориялық талдау және кеңейту, жүйелік және функционалды тәсілдер). Қол жеткізілген нәтижелер – мақалада ар-намыс пен қадір-қасиетке қарсы құқық бұзушылықтың бірі жала жабу институты әкімшілік құқықтық саласында алғаш рет қарастырылды. Мақалада автор бұқаралық ақпарат құралдары мен әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларына толықтырулар енгізу, жалпы халыққа арналған әлеуметтік-құқықтық әдептік, ар-намыс кодексін қабылдауды қарастырған. Ақпараттық технологиялар мен демократиялық қатынастардың, оның ішінде сөз бостандығының дамыған заманында ар-намыс пен қадір-қасиетті, іскерлік бедел мен абыройды, игі атақты қорғаудың уақыт өткен сайын қоғамда өзектілігі артып келеді. Оны ғылыми тұрғыдан зерттеу және нақты құқықтық реттеу туралы ұсыныстар беру арқылы жетілдіруге болады.

Description

Citation

Көшербаев С.Б. Ар-намыс пен қадір-қасиетке, іскерлік беделге қарсы құқық бұзушылықтардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік мәселелері/С.Б. Көшербаев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №4. 16-27 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By