1945–1953 жж. аралығындағы ҚазССР-дегі ұлттық саясат

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақаланың мақсаты Қазақстандағы соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта (1945–1953 жж.) кеңестік ұлт- тық саясатты зерттеу және талдау, сондай-ақ КОКП ұлттық саясатының қалыптасуының негізгі факторла- ры мен тенденцияларын анықтау. Қазақстанда соғыстан кейінгі кезеңде буржуазиялық ұлтшылдықпен күрес бойынша партияның әрекеттері белсенді бола бастайды. Партия қоғамдық өмірдің барлық салаларын бақылап отырды, идеялық және саяси тәрбие беру жұмыстарын марксистік-лениндік идеология рухында жүргізді. Ғы- лыми қайраткерлердің, жазушылардың, өнер қызметкерлерінің негізгі мақсаты партия саясатының оң нә- тижелерін көрсету болды, олардың алдына жаңа тұлғаны, кеңестік адамның бейнесін қалыптастыру бо- йынша міндеттер қойылды. Сонымен қатар, мақалада Қазақстанның қоғамдық өмірінің түрлі салаларында- ғы орыстандыру үдерісі, сталиндік басшылықтың Қазақстандағы ұлттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметі талданған. Республикада жүргізіліп жатқан ұлттық саясатқа байланысты қазақтардың ұлттық өзін- өзі сәйкестендіру дағдарысы басталды, ол кемсітушілік сезімінің немесе кемшілік кешенінің пайда болуы- нан көрінді.Қазақстан Республикасы Президентініңмұрағаты, Қарағанды облысының Мемлекеттік мұраға- ты материалдарының ғылыми айналымға енгізілуі осы зерттеудің жаңалығы болып табылады. Жұмыста КОКП ОК, БК(б)П ОК, Жоғарғы Кеңес және Министрлер Кеңесінің қаулыларына ерекше көңіл бөлінген.

Description

Citation

Сактаганова З.Г. 1945–1953 жж. аралығындағы ҚазССР-дегі ұлттық саясат/З.Г. Сактаганова, Г.М. Байгожина, Н.Е. Тутинова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №4. 94-102 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By