Қазақ тіл біліміндегі өткен шақ түрлеріне қатысты атаулардың қалыптасып, дамуы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала қазақ тіліндегі өткен шақ категориясына қатысты терминдердің қалыптасуын, дамуын
зерттеуге арналған. Зерттеу пəніне сəйкес өткен шақ категориясына қатысты терминдер қазақ тіл
білімі терминдерінің негізін салушы — Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастап қазіргі кездегі
қолданыстағы академиялық грамматикалық еңбекке дейін талданды. Қазақ тіліндегі грамматикалық
еңбектердің авторларының өткен шақ категориясының тұлғаларын анықтаудағы, өз ішінен жіктеудегі,
оларға атау берудегі ұстанымдары анықталды. Өткен шақты беретін тұлғалардың грамматикалық
мағыналарының берілген атауға сай келуі, соған сай жұмсалуы басты назарда болды. Соған сəйкес
əрбір термин талданып, грамматиканы меңгерудегі рөлі де айтылды. Зерттеудің нəтижесінде
А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, А. Ысқақов сынды
ғалымдардың еңбектерін зерделеп, ондағы ұстанымдарды басшылыққа алуымыз қажет деген
қорытындыға келдік.
Description
Citation
Жұбаева О.С. Қазақ тіл біліміндегі өткен шақ түрлеріне қатысты атаулардың қалыптасып, дамуы/О.С. Жұбаева, А.Д. Кегенбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №2. 21-29 б.