Ұлттық ділімнің төрт түлік атауларына қатысты тілдегі бейнеленуі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада қазақ халқының ұлттық ділімінде көрініс тапқан мал атауларының берілісі, оның тілдегі тығыздығы, ассоциативтік кеңістігі сөз етіледі. Менталитет, əрине, көптеген ішкі-сыртқы факторларға байланысты. Рухани қазынаның, тарихтың иесі — ұлт, сол ұлттың жағрафиялық ортасы, нақты ісі, өмір сүру тəсілі оның тілдік жүйесінде өзіндік ерекшелікпен қалыптасады. Зерттеуде қазақ ділімінің негізінде жатқан төрт түлік атаулары ұлттық дүниетаным ерекшелігіне байланысты қарастырылды. Қазақ халқының ұлттық ділімінің өзгешелігін малжандылықта көруге болады. Қазақтың негізгі өмір сүру тəсілі — малды бағу болғандықтан, теңеулердің жалпы мазмұнында адамдардың мінезі, түрі, қылығы төрт түліктің қимылымен, жүріс-тұрысымен теңеуге түсіп, көрсетіледі. Орыс халқының негізгі іс-əрекеті жерді өңдеу шаруашылығымен байланысты тілінде түйінделеді. Ұлттық ойлау жүйесінің ерекшелігін көрсету үшін теңеулерді егіз қозыдай, түйе өркешіндей, қойдай жуас, сиырдың бүйрегіндей, көгендеулі қозыдай т.б келтірілген. Екі тілдегі «жылқы», «мал», «сиыр», «қой» ұғымдарымен байланысты сөздерді салыстыра келе, идеографиялық жағынан айырмашылықтарын дəлелдеуге тырысқан. Əр ұлттың өзіндік ойлау ұғымдарын сипаттаудан туған тілдік бірліктер оны басқа халықтан айырып танитын белгілеріне айналады. Тіл адам баласының таным қабілетінің сырттануы, оны сақтау, жетілдіру түпнұсқаны тануға байланысты болады. Мал атауларының қатысуымен берілген фразеологиялық тіркестерде, мақал-мəтелдерде, теңеулерде ұлттық əлемнің тұтас бейнесі сақталғанын көреміз.

Description

Citation

Кадина Ж.З. Ұлттық ділімнің төрт түлік атауларына қатысты тілдегі бейнеленуі/Ж.З. Кадина, Б.С. Сатеева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №1. 71-77 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By