Антоним компонентті фразеологизмдер құрамындағы антоним түрлері (ағылшын жəне қазақ тілдері материалында)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада екі əр түрлі құрылымды тілдердегі антоним компонентті фразеологизмдер қарастырылды. Фразеологиядағы антонимдерді талдау лексикалық антонимдердің классификациясы негізінде жүзеге асырылды. Жүргізілген зерттеуде фразеологизмдер құрамындағы антоним-компоненттердің құрылымдық түрлері, сонымен қатар қарама-қарсылық категориясына негізделген семантикалық түрлері айқындалған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің құрамындағы антоним компоненттерді талдаудың алғаш рет жүргізілуінде жатыр. Мақалада компоненттік талдау жəне салғастырмалы талдау əдістері қолданылған. Зерттеу нəтижесінде ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі қарастырылып жатқан фразеологизмдердің құрамындағы антонимдерге лексикада кездесетін барлық антоним түрлері тəн екендігі, сондай-ақ ол антонимдердің қызметі бейнелі қарама-қарсылық қызметін атқарумен қатар, қоршаған əлемдегі объектілерді үнемі салыстыруымен анықталған. Антонимдер фразеологизмнің құрамында келіп олардың экспрессивтік мағынасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Description

Citation

Тукешова Н.М. Антоним компонентті фразеологизмдер құрамындағы антоним түрлері (ағылшын жəне қазақ тілдері материалында)/Н.М. Тукешова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №1. 65-70 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By