Қазақстандағы азаматтық қоғам мəселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу мен даму бағыттарына арналған. Қазіргі
кездегі еліміздегі азаматтардың құқығы, еркіндігі мен бостандығы жəне заңның үстемдік етуі
тақырыпқа тірек болып табылады. Азаматтық қоғам ұғымы туралы анықтамалар, мақсаттары мен
міндеттері жəне олардың Қазақстандағы қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы мəліметтер
келтірілген. Азаматтық қоғамда азаматтарға берілетін мүмкіндіктер мен олардың заң аясындағы
əрекеттері көрсетілген. Мақалада еліміздегі азаматтық қоғам институттарының тиімділігін арттыру
мəселелері қарастырылды. Кеңестік жүйе кезінде билік халықтың алдында есеп бермейтін, қоғам
биліктің қызметінің насихатталу жағынан ғана хабардар болып, оған ықпал ету жағынан мүмкіндігі
шектеулі болатын. Ал, қазіргі кездегі Қазақстандағы демократиялық жағдайдағы жаңа саяси жүйенің
қалыптасуы мен даму мəселелері еліміздегі қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастарды
зерттеудің пісіп-жетілгендігін көрсетеді. Саяси жүйедегі біржақты байланыс біртіндеп екіжақты
қарым-қатынасқа орын береді, яғни, мемлекеттік билік органдары мен халықтың ашық жұмыс істеу
жағдайында, олардың өзара байланысын тудырады. Заң үстемдік еткен қоғамда ғана азаматтық қоғам
ұйымдары толыққанды жұмыс жасайтындығы анықталады.
Description
Citation
Иманбаева А.А. Қазақстандағы азаматтық қоғам мəселелері/А.А. Иманбаева, Н.И. Ляпбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №2. 70-76 б.