Еуропалық одақтың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы: нормативті күштен орнықтылыққа ауысу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Жаңа стратегия орнықтылықты, өркендеуді жəне аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуге жаңа мəн береді. Орнықтылық осы стратегияның негізгі хабарламасы ретінде пайда болды. Орнықтылық мемлекеттер мен қоғамдардың реформа жасау қабілеті ретінде қабылданады, сол арқылы ішкі жəне сыртқы дағдарысқа қарсы тұра алады. Орнықтылық жоғарыдан төменге қарай либералды əлемнің институттарын құру дискурсынан төменнен жоғары қарай əлеуетті арттыруды қолдау көзқарасына ауысуды білдіреді. Бұл тұрғыда дайын шешімдерден гөрі тұрақтылық жергілікті ресурстар мен тəжірибені қайта бағыттайды, осылайша ынтымақтастық үшін жаңа негіз қалайды. Мақалада Еуропалық одақтың Орталық Азияға ұсынған жаңа ынтымақтастық үлгісі айтылған. Еуропалық одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясының қабылдануы ЕО-ның Орталық Азиядағы болмысын арттыруға тырысып жатқандығын көрсетеді. Нормалар мен құндылықтарды қайтадан алға тартумен қатар, ЕО-ның өзінің Орталық Азиядағы негізгі саяси, экономикалық жəне қауіпсіздік мүдделерін нақты шараларды ұсына отырып алға жылжыту ниетін білдіруде. ЕО осы соңғы мақсатқа қол жеткізуде Орталық Азияның демократиялық жəне экономикалық тұрғыдан дамуымен байланыстырады. Бұл демократия, адам құқықтары мен заңдылықты ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізудің басты құрамдас бөлігі ретінде қарастырады жəне бұл ЕО-ның сыртқы саясатының нормативтік сипаты сабақтастығының дəлелі.

Description

Citation

Күзембаева Ə.Б. Еуропалық одақтың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы: нормативті күштен орнықтылыққа ауысу/Ə.Б. Күзембаева, Б.М. Балаубаева, М. Абдуали//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №2. 77-84 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By