Қазақстан тарихы пəнінде Əлихан Бөкейханның рухани мұрасын оқытудағы кейбір инновациялық əдістер

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақалада орта мектептің жаңартылған бағдарламасына сəйкес ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы тақырыбын оқыту барысында Алаш қозғалысының көсемі — Əлихан Бөкейханның еңбектерін талдау арқылы терең білім беруде инновациялық-ақпараттық технологияларды пайдаланудың əдіс- тəсілдері баяндалды. Себебі ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш зиялыларының көсемі Əлихан Бөкейханның еңбектерінде отандық тарихтың дамуының болашағы туралы тұжырымдамалық методологиялық ой-пікірлері айтылған. Бүгінгі таңда еліміздің саяси-əлеуметтік, экономикалық дамуында оның пікірлерінің практикалық маңыздылығы зор. Қазақ халқының тарихында азаттық пен тəуелсіздік жолындағы күрес ешқашан толастамағандығын жас ұрпаққа түсіндіру өзекті мəселе болып табылады. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялылары Қазақ елінің сан ғасырлық даму тəжірибесін, салт-дəстүрін төңкерістік əдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тəжірибесін ескере отырып, одан əрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақcат етті. Сонымен қатар, Əлихан Бөкейханның еңбектерінде көтерілген негізгі мəселелерді қазіргі кезде де маңыздылығын талдап, тарихи сабақтастығын көрсету барысында жаңа технологиялық əдістемелер арқылы оқытудың маңыздылығы осы мақаланың басты мақсаты.

Description

Citation

Бейсенбекова Н.А. Қазақстан тарихы пəнінде Əлихан Бөкейханның рухани мұрасын оқытудағы кейбір инновациялық əдістер/Н.А. Бейсенбекова, Л.К. Шотбакова, А.К. Тарыбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №2. 40-48 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By