Моңғолия қазақтарының репрессия дəуіріндегі қилы тағдыры
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең ауыр қайғысы атанған сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал
азаматтарымыздың басы оққа байланды. Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол,
қасіреті ауыр парақтары жетерлік. Солардың бірі — бұрынғы Кеңес Одағында болған қуғын-сүргін
қасіреті. Бұл тарихи оқиға Моңғолия қазақтарын да бейжай қалдырмады. Шет елдегі қазақ тарихының
өзекті бір саласына арналған мақалада — Моңғолия қазақтары, оның ішінде жекелеген адамдарды
қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары қалай өткенін, зұлмат қуғын-сүргін жылдардағы халықтың
жайын, нəубаттың салдары сараланған. Авторлар жаппай репрессияның саяси идеологиялық мəні мен
жүргізілу себептерін ашып, жеке тұлғалардың ауыр қайғылы тағдырын айқындауға тырысқан.
Description
Citation
Байжұма Г. Моңғолия қазақтарының репрессия дəуіріндегі қилы тағдыры/Г. Байжұма, З.О. Дүкенбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №2. 26-30 б.