Теміртау қаласы ауа алабының ластануының синоптикалық жағдайлары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қарағанды облысының Теміртау қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайы және
атмосфераның ластану индексінің (АЛИ) динамикасы қарастырылған. АЛИ қаладағы негізгі 5
ластаушы заттар бойынша, яғни олардың ішінде: қалқыма бөлшектер, азот диоксиді, көміртек оксиді,
фенол және аммиак заттарының концентрациялары арқылы есептелген. Автор Теміртау қаласының ауа
алабының ластануының синоптикалық жағдайларын, яғни циклон және антициклон, жыра және жота
сияқты барикалық құрылымдардың қала ауасындағы зиянды заттардың шекті мүмкіндік
концентрацияларын, сақталу мерзіміне әсерін қарастырған. Сонымен қатар ауа алабының ластануына
қолайлы метеорологиялық шамалар, әсіресе, ластаушы заттардың тасымалдануына себепші жел сияқты
шаманың ластану мәселесіне әсері және ластануда трансшекаралық тасымалдауды ескеру мақсатымен
оның берілген мерзім бойынша қаладағы бағытының қайталанушылығының диаграммасы ұсынылған.
Мақала материалдарында арнайы берілген мерзім бойынша барикалық топография карталары,
синоптикалық жер карталары пайдаланылып, оларға талдау жасалған. Мақалада карталардың талдауы
бойынша арнайы мерзімдегі қала бойынша зиянды заттардың концентрацияларының үлкен мөлшерде
жиналуына қолайлы синоптикалық жағдайлардың орын алу мәселесі және шарттары сипатталған.
Зерттелген сұрақтар біздің еліміздің экологиясына, әсіресе Теміртау қаласы сияқты үлкен өндірістік
кешені бар қалалардың экологиялық жүйесіне, оның ішінде атмосфералық ауаның сапалық жағдайына
көз салатын, өткір жаһандық мәселелеріне назар аударатын жаратылыстану саласындағы мамандарға,
саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне қызығушылық танытады.
Description
Citation
Бауыржанова А. Теміртау қаласы ауа алабының ластануының синоптикалық жағдайлары/А. Бауыржанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №2. 89-101 б.