Жазудың даму тарихы мен қоғамдық қызметі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Жазудың адамзат баласы тарихында алатын орны ерекше. Ол — біздің даму тарихымыздағы
мəдениеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Жазу адамдар арасындағы тілдік коммуникацияны қамтамасыз
етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та қарым-қатынас жасай беруге болады.
Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы жазудың пайда болуы, болжаммен қалай шыққандығы,
қалыптасуы мен даму тарихы, жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз болады. Əрбір
жазудың — пиктографиялық, идеографиялық, буын жəне əріп жазуының қоғамдық қажеттілікті өтеудегі
орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі көрсетілген.
Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде шыққандығының себептері, яғни пайда болуына
əсер еткен факторлар, оны алғаш қолданушылар, алғашқы жазудың формасы, оның уақыт өте келе
эволюциялық жолмен жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу түрлері мен белгілері сияқты
мəселелер мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (əріп жазуының) шығуына себеп болған алфавит
мəселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның жетілуі, батыс жəне шығыс елдері
алфавитінің шығуына себеп болған грек жəне арамей жазуы, жазуды зерттеу ілімі — графика мəселесі,
орфография, транскрипция мен транслитерация мəселелері де қарастырылған.
Description
Keywords
Citation
Түйтe Е.Е. Жазудың даму тарихы мен қоғамдық қызметі/Е.Е. Түйтe//Қарағанды университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия ФИЛОЛОГИЯ.= Bulletin of the Karaganda university. PHILOLOGY Series. -2020. №4. 60-66 б.