Білім беру саласындағы жеке тұлға құқықтарының пайда болуы мен дамуының генезисі (тарихи-теориялық талдау)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада адам құқықтары теориясының дербес санаты ретінде білім беру саласындағы жеке
құқықтардың пайда болуы мен даму үрдісі ашылды, осы институттың негізгі ерекшеліктері
қарастырылды. Зерттеудің мақсаты білім беру саласындағы жеке құқықтар тенденциясын жəне осы
институттың əртүрлі тарихи дəуірлердегі даму кезеңдерін анықтау болып табылады. Зерттеудің
жалпы жəне арнайы əдістерінің көмегімен, тарихи материалды талдау жəне қорыту, осы институттың
дамуының негізгі заңдылықтарын анықтау мақсатында білім беру саласындағы адам құқықтарының
əртүрлі түрлерін қарау жүзеге асырылады. Адам құқықтары теориясы тұрғысынан білім беру
саласындағы адамның, қоғамдық институттардың жəне мемлекеттің құқықтары мен міндеттері
қарастырылды. Жүргізілген зерттеудің нəтижесі ретінде білім беру саласындағы жеке адам
құқықтарының дамуын кезеңдендіруді жүзеге асыру, адам құқықтарының аксиологиялық аспектілерін
қарастыру жəне зерттелетін институттың дамуының негізгі заңдылықтарын анықтау болып табылады.
Білім беру саласындағы жеке адамның құқықтары əр адамның ажырамас құқығы жəне жалпы адам
құқықтары институтының қажетті элементі ретінде қарастырылды, оның мазмұны қолданыстағы
қазақстандық, шетелдік жəне халықаралық құқықты талдау арқылы түсіндірілді. Мақалада заңгерлер
мен əлеуметтанушылардың білім беру саласындағы құқық туралы идеялары жүйеленді.
Description
Citation
Турлаев А.В. Білім беру саласындағы жеке тұлға құқықтарының пайда болуы мен дамуының генезисі (тарихи-теориялық талдау)/А.В. Турлаев, А.Б. Шакирова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda university. LAW series. -2020. №4. 50-57 б.