Антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категориялары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категорияларына
арналған. Сол заманның ойшылдарының көзқарастарын салыстыра отырып, автор олардың бір-біріне
болған жақындығын сипаттайды. Сонымен қатар, антикалық жəне ортағасырлық философтардың
мəтіндеріне сүйене отырып кеңістік пен уақыт категориялар туралы ойларды салыстырған. Мақалада
антикалық жəне ортағасырлық философтардың кеңістік пен уақыт туралы пікірлерінде бір-біріне
сəйкес келетін ұстанымдары көрсетілген. Дегенмен, кейбір жағдайларда антикалық жəне
ортағасырлық уақыт пен кеңістік туралы түсініктердің айырмашылығы да айқын көрсетілген.
Жұмыста осы көріністердің ең маңызды ерекшеліктері атап өтілген. Сонымен, уақыт — қозғалыс пен
бағытқа байланысты. Уақыт пен кеңістік — Құдайдың жаратқаны. Уақыт — оқиғалардың ауысуы.
Уақыт пен Мəңгілік — қарама-қарсы үрдістер. Кеңістік — бұл сыйымдылық (вместилище), яғни
континуум. Уақыт жан мен рухтың ішінде де өмір сүреді. Кеңістік пен уақыт, өлшеу жəне оларды тең
бөліктерге бөлу мəселелерімен тікелей байланысты. Құдай уақыт пен кеңістіктің Негізі жəне олардан
жоғары.
Description
Keywords
Citation
Уксукбаева М.Т. Антикалық жəне ортағасырлық философия тарихындағы кеңістік пен уақыт категориялары/М.Т. Уксукбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №3. 233-238 б.