Солтүстік қазақстандық əйелдердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Қазіргі қоғамда əйелдер мəселесі көптеген зерттеушілердің назарын жоғары аударуда. Сонымен бірге бұл мəселенің өзектілігі шетелдік тарихнамадағы гендерлік жолмен жүретіндер арасында əйелдер мəселесінің жаңа бағыттарының пайда болуымен байланысты өсе түсті. Аталмыш үрдіс қазіргі заманғы қазақстандық тарихшылар еңбектерінен де байқалған. Ұлы Отан соғысының сабақтарын талдағанда, халықтың əлеуметтік-географиялық тобының, оның ішінде əйелдердің Жеңіске қосқан үлесінсіз зерттеу мүмкін емес. Ұзақ уақыт бойы əйелдердің əскери қимылдарға қатысуы кең етек алмады, бұл тек қана Ұлы Отан соғысы жылдарында ғана жаппай сипатқа ие болды. Ұлы Отан соғысындағы əйелдер еркектермен қатар жаумен күресте ержүректілік, қаһармандық жəне рухының күшін көрсете алды, əйелдер мен қыздар қанқұйлы басқыншы жаумен шайқасты. Ұлы Отан соғысы кезіндегі əйелдер мəселесін зерттеу бұл сұрақтың шешімін əрбір жекелеген аймақ бойынша есепке алып қарастыру арқылы жүзеге асырылуды талап етеді. Мақала Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941– 1945 жж.) əскер қатарына Қазақ КСР-нің Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылған əйелдердің ерлігіне арналған. Əскери қызметкер əйелдердің ерліктері мұрағат құжаттарының жəне «Ұлы Отан соғысындағы 1941–1945 жж. халықтың ерлігі» электронды банк құжатының негізінде сипатталды. Автор қарапайым жəне елеусіз нəзікжанды батыр əйелдердің майданның барлық шебінде батырлықпен шайқасып, күннен күнге ерен ерліктерімен Жеңіс күнін жақындатқандығын көрсеткен.

Description

Citation

Мухатаева Г.А. Солтүстік қазақстандық əйелдердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері/Г.А. Мухатаева//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №3. 103-113 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By