Оқшауланған гепатоциттердің жасушалық гомеостазын сақтауда аутофагияның ролі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада оқшауланған гепатоциттердің ультрақұрылымдық ұйымы зерттелген және олардың өсу ди-
намикасындағы жасушаішілік өзгерістердің сипаты анықталған. Нативтік қасиеттері сақталған гепато-
циттерді өсіру әдісін әзірлеу, әртүрлі сыртқы факторлардың, химиялық қосылыстардың және жаңа дә-
рілік препараттардың гепатотоксикалық әсерлерін зерттеу үшін және бауырдың тұқым қуалайтын не-
месе терминалды ауруларын емдеуде жасушалық трансплантацияны жүргізуге мүмкіндік беретін қа-
жеттілігімен анықталды. Бастапқы гепатоциттерді өсіру үлгілері бауыр метаболизмін, секрециясын
және регенерациясын зерттеу үшін қолданылады. Бастапқы гепатоциттерді өсіру стандартты қоректік
ортада жүргізілген, ал өсу динамикасы ағынды цитофлуориметрия, жарық және электронды микрос-
коптар арқылы зерттелген. Стандартты қоректік ортада өсірілген бастапқы гепатоциттерді зерттеу нә-
тижесінде, гепатоциттердегі базальды аутофагиянның жоғарылауы гликофагия мен митофагия түрінде
көрініс берді. Аутофагия стандартты өсірілген жағдайда оқшауланған гепатоциттердің жасушалық го-
меостазын сақтауға мүмкіндік береді.
Description
Citation
Досымбекова Р.С. Оқшауланған гепатоциттердің жасушалық гомеостазын сақтауда аутофагияның ролі/Р.С. Досымбекова [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2020. №2. 90-96 б.