Адам жəне азаматтардын денсаулық сақтау құқығының конституциялық негіздері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақала адам жəне азаматтың денсаулық сақтау құқығының конституциялық нормаларда бекітілу мəселесіне арналған. Адамның денсаулығын сақтау құқығы адам жəне азаматтың əлеуметтік- экономикалық құқықтарын қалыптастыратын болғандықтан жəне денсаулық адамның өміріндегі ең жоғарғы игіліктерінің қатарына жатқандықтан, конституциялық нормаларда көрініс табуы жоғарғы деңгейде құқықтық кепілденуін қамтамасыз етеді. Мақаланың мақсаты — салыстырмалы жəне эмпирикалық зерттеу əдістерін қолдану арқылы Қазақстан Республикасы мен шетелдердің конституциялық нормаларында денсаулық сақтау құқықтың бекітілу ерекшеліктерімен танысу арқылы құқықтық реттеудің тиімді жолдарын анықтау. Мақалада денсаулық сақтау құқығының түсінігі мен құрылымының теориялық тұрғыда қарастыру барысында құқықтық нормаларда жеке «адамның денсаулық сақтау құқығы» жəне «халықтың денсаулық сақтау құқығы» деген екі категориядағы денсаулық сақтау құқығын қолданатын субъектілер құрамы анықталды. Аталмыш екі категориядағы субъектілердің денсаулық сақтау құқықтарының мазмұны халықаралық актілерде толығымен ашылып, бекітілген. Бірақ адамның денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз етілуі жəне тиімді қорғалуы мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституцияда бекітілуіне жəне конституциялық нормалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттарына сай келуі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Авторлар зерттеу негізінде келтірілген конституциялық нормалар бойынша салыстырмалы мəліметтер адамның денсаулық сақтау құқығын конституциялық нормаларда бекіту негізінен аса ерекшеліктерге ие емес екенін дəлелдеп, кейбір мемлекеттер конституцияларындағы лауазымды тұлғаның денсаулық сақтау саласындағы бекітілген жауапкершілігі құқықтық реттеудегі негізге алатын тəжірибе ретінде түйіндеме жасаған.

Description

Citation

Алиева И.Ж.Адам жəне азаматтардын денсаулық сақтау құқығының конституциялық негіздері/И.Ж. Алиева, Е.К. Кубеев//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Заң Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Право.=Bulletin of the Karaganda University. Law Series.-2019.-№1(93).-Б. 8-15.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By