Орталық Қазақстан жағдайында дəрілік қырмызыгүлдің шығымдылығы мен тұқымдық өнімділігі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада дəрілік қырмызыгүлдің шикізаттық жəне тұқымдық өнімділіктеріне жүргізілген зерттеу нəтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары кезінде 2 сұрып: Орандж и Калифорника анықталды жəне олардың биологиялық сипаттамалары берілді. Климаттың континенталдығы тəуліктік, мезгілдік жəне жылдық температураның жəне ылғалдың жетіспеулігінің біршама ауытқуларына себепші болады. Зерттеу процестері көрсеткендей, дəрілік қырмызыгүлдің шикізаттық жəне тұқымдық өнімділіктері себу мезгілдеріне, тұқым сіңіру тереңдігіне, қатар арасының еніне, суару мөлшеріне байланысты екендігі анықталды. Шикізаттың біршама үлкен өнімділігін (20,75 ц/га) ені 15х45 см болғандағы таспалы кең қатарлы себуді қолдану кезінде алынды, қыс алдындағы мерзімдегі себуде 0,5–1,0 см сіңіру тереңдігінде жəне 4000 м3/га суару мөлшері кезінде алынды. Тұқымдық материалдың біршама
үлкен өнімділігі 4000 м3/га суару мөлшері кезінде алынды, бірақ сапасының максималды көрсеткіштері 1000 м3/га суару мөлшері кезінде болды.
Description
Keywords
Citation
Әуельбекова А.К. Орталық Қазақстан жағдайында дəрілік қырмызыгүлдің шығымдылығы мен тұқымдық өнімділігі/А.К. Әуельбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. -2011. №4. 31-37 б.