ЖЫЛУСАҚТАҒЫШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Электронды оқу құралы

Гофра – жылу желілерінде қолданылатын құбырларды қоршаған ортаның әсерінен сақтау мақсатында сыртынан кигізілетін серіппелі материал.

Минералды мақта – тау жыныстарының, металл қалдықтарынан немесе олардың қоспасының балқымаларынан алынған жұқа талшықты материал.

Дала шпаты – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.

Перлит – жанартаулық шыныдан тұратын қышқыл эффузиялық тау жынысы. Ол  күй­діру және ұнтақтау жолымен алы­нады.

Пенопласт – газбен толтырылған пластмасса.

Фольгоизолон – жылу шығынын барынша азайтатын,  шағылыстыру  қасиетіне ие төзімді оқшаулау материалы.

Фольгорубероид – алдыңғы жағы қалыңдығы 80-200 мкм болатын жұмсақ алюминий фольгамен алмастырылатын  рубероид жаппасы. Қоршаған ортаның температурасы -40-тан + 70 ° C-ге дейін ашық ауада, арналарда орналасқан құбырларды жылу оқшаулау ретінде пайдаланылады.

Базальт – ауа райына өте төзімді және  ғимараттардың сыртын безендіруге және ашық ауда орнатылған мүсіндерді жасау үшін қолданылады.

Совелит – бұл күйдірілген доломит (85%) пен  асбестенV (5%) жасалған жылу оқшаулағыш материал.

Асбест –  майда силикаттар санатына жататын минералды заттар.

Асбозурит – диатомиттен (70-85%) және асбест талшығынан (15-30%) тұратын жылу оқшаулағыш материал.