ҚОРЫТЫНДЫ
Тиімділеу – сәйкес шарттардағы ең тиімді нәтижелерді алуға бағытталған мақсатты әрекет. Қазіргі уақытта тиімділеу ғылымда, техникада және адамзат әрекетінің басқа да обылыстарында қолданыс табады.
Тиімділеудің нақты есебін шешу кезінде зерттеуші соңғы нәтижелерді алу үшін алдымен есептеуге ең аз уақыт жұмсайтын немесе ізделінді шешім туралы көптеген мағлұматтар алуға мүмкіндік беретін математикалық әдісті таңдап алуы қажет. Қандай да бір әдісті таңдау көп жағдайда тиімділеу есебінің қойылымымен, сонымен қоса қолданылатын тиімділеу объектісінің математикалық моделімен анықталады.
Аталған оқу құралында бір және көп айнымалылы функцияларға арналған есептерді тиімділеу және тиімді басқарудың бір есебі қарастырылды, оларды шешудың кейбір аналитикалық және сандық әдісері баяндалды. Сонымен қоса, оларды қолданудың мысалдары берілді. Алынған білімдерді бекіту үшін студенттер әрбір тараудың соңында ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, арнайы тапсырмаларды орындай алады. Оқытушыға көмек ретінде оқу құрылының соңында тесттік тапсырмалар ұсынылған.
Оқу құралы, авторлардың көзқарасы бойынша, «Тиімділеу әдісі» пәнін оқу кезінде студенттерге ғана емес, сонымен қоса қолданбалы математика облысындағы мамандар үшін де пайдалы болуы мүмкін.